«ХХІ ғасыр әлеуметтік желіге тәуелді»

11.11.2020 ж. күні Қостанай гумманитарлық колледжінің «Талшын» дебат клубы кезекті online дебат ойының өткізді. Берілген қарар «ХХІ ғасыр әлеуметтік желіге тәуелді» атты күрделі тақырыпты  қарастырған болатын. Ойын АПФ форматында өтті. Ойыншылар 2 позицияда ойнап шықты. Бүгінгі дебатқа қатысушылар аға-буын өкілдері болып саналады. Яғни, дебатқа колледж қабырғасына келгеннен бері дебат ойнап, дебатқа өз үлестерін қосып жүрген 3-4 курс студенттері өз ойларың ортаға салып, өз позицияларында ойнап шықты. Берілген қарар бүгінгі күннің, заманның күрделі тақырыбы болғандықтан, ойынға қатысушылар бар күштерің салып, өз позицияларын қорғап шыққан болатын. Бүгінгі ойынның төрешісі, Қостанай гуманитарлық колледжінің «Талшын» дебат клубының президенті Кеңшілік Бақытжамал ойынға қатысқан қатысушыларға рахметің айтып, алдағы уақытқа сәттілік тілеп, «Бүгінгі ойын өте жоғарғы деңгейде өтті» деп өз сөзің қорытындылаған болатын. Онлайн форматта өткізілген бұл ойынға Қостанай гуманитарлық колледжінің 1-2 курс студенттері көрермен болып, ойын 54 көрерменнің қатысуымен өткізілді. Бүгінгі сайысқа қатысушылардың арқасында басқа студенттердің дебатқа деген қызығушылығы оянғаны анық. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға көп рахмет.    Шабыттарыңыз асқақтап, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз. Көрермен ретінде қатысқан жандарға да үлкен алғысымызды білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған